"Балаларым бар, қайда барам, ақшам жоқ": Тұрсынбектің әйелі жан ұшыра айғайлады (ВИДЕО)

9 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік видео жариялады.

Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазіргі қоғамдағы мәселелерді көрсететін видео жариялады. Видеода отбасыдағы зорлық-зомбылық, әйел баласына қол көтеру секілді дүниелер таспаланған.

"Бұл видеодағы жағдай қаншамаңызға таныс?.. Күн сайын маған 10 шақты қыз жекеме жазады: "Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…"

Әрқайсысының даусы дірілдеп, жүрегі қорқып, жаны қысылады. Бірақ… Неге кетпейсіз? Неге үндемей, бәріне көне бересіз?

Себебі, әр әйелдің ішінде мың түрлі себеп бар:
– Балаларым бар…
– Қайда барам, ақшам жоқ…
– Мүмкін өзгерер…
– Ата-анам не дейді?..
– Ұялам…
– Өзімді кінәлаймын…

Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: Сіздің өміріңіз – тек сіздің қолыңызда", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқанова үнсайд