фото: ашық дереккөзден
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік видео жариялады.
Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазіргі қоғамдағы мәселелерді көрсететін видео жариялады. Видеода отбасыдағы зорлық-зомбылық, әйел баласына қол көтеру секілді дүниелер таспаланған.
"Бұл видеодағы жағдай қаншамаңызға таныс?.. Күн сайын маған 10 шақты қыз жекеме жазады: "Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…"
Әрқайсысының даусы дірілдеп, жүрегі қорқып, жаны қысылады. Бірақ… Неге кетпейсіз? Неге үндемей, бәріне көне бересіз?
Себебі, әр әйелдің ішінде мың түрлі себеп бар:
– Балаларым бар…
– Қайда барам, ақшам жоқ…
– Мүмкін өзгерер…
– Ата-анам не дейді?..
– Ұялам…
– Өзімді кінәлаймын…Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: Сіздің өміріңіз – тек сіздің қолыңызда", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.