"Басының жартысы жоқ": Тұрсынбектің суреті жұрттың жағасын ұстатты (ФОТО)

"Басының жартысы жоқ": Тұрсынбектің суреті жұрттың жағасын ұстатты (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі жай-күйі көпшілікті алаңдатып тастады.

Жадыра есімді әйел адам TikTok желісіндегі ресми парақшасында Тұрсынбек Қабатовпен бір тойда түскен суретін жариялады. Өнер иесінің бұл суреті желі қолданушыларын алаңдатып тастады.

"Басының жартысы жоқ, бірақ күлуге болмайды. Операция жасалды, концертінде өзі айтты", – деп жазды бір көрермен.

Тағы бір желі қолданушысы: "Басына операция жасап, бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Қыстама концертіне барғанымда өзі айтып еді", – деп бөлісті.