"Бұл ұят, ауыр жағдай": Тұрсынбаеваның күйеуі досының анасы туралы айтты (ФОТО)

"Бұл ұят, ауыр жағдай": Тұрсынбаеваның күйеуі досының анасы туралы айтты (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

"Құрметті бауырлар, ағайын-туыс, жегжат, достар, жамағат! Сіздерден кешірім сұраймыз. Арман бауырымыздың анасы – Роза апайымыздың жаназа намазы 9 тамыз күні сағат 17:30-де Шымкент қаласындағы Ордабасы мешітінде өтеді. Кеше біз жаназа Сейтжан қарй мешітінде болады деп хабарлаған едік. Алайда бүгін ол мешіттің имамдары белгісіз себептермен, муфтияттан рұқсат берілмеді деген сылтаумен жаназаны өткізуден бас тартты.

Бұл жағдай бәрімізге ауыр тиді. Өмірден өткен адамның жаназасы – дініміздегі ең маңызды аманаттардың бірі. Ал енді мешітке жаназа оқу үшін адам таңдайтын хәлге жеткеніміз қынжылтады. Бұл – ұят та, ауыр да жағдай!

Қонақасы сол баяғы Сейтжан қарй мешітінде сағат 19:00-де болады. Баршаңыздан Роза апайымызға дұға қылып, жаназасына келіп, соңғы сапарға шығарып салуды сұраймыз. Алла Тағала Анамыздың жәнін Жәннатта қылсын, Арман бауырымызға сабыр берсін. Ал мешіт басында отырған имамдар мен бұл істі жасап отырған жауаптыларға айтарымыз – Алладан қорқыңыздар!" – деп жазды Нұржан Иманалиев.