фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова
Белгілі әзілкеш Тұрсынбектің жары Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында жан тебірентерлік жазба қалдырды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Оқырмандардың айтуынша, жазбадан реніш пен ішкі күйзелісті, сондай-ақ ер адамға деген өкпені анық аңғаруға болады.
"Сен менсіз ешкім емессің" дедің,
Сол сәтте мен үнсіз қалдым.Бір кезде сені сүйгенмін.
Сөзіңе сенгем.
Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағам.
Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді.Қыздар, егер біреу сізге дауыс көтерсе – бұл зорлықтың бастамасы.
Егер біреу сені итерсе, шапалақпен ұрса – бұл зорлықтың жалғасы.
Егер біреу саған "Сен менсіз ешкім емессің" десе – бұл психологиялық қысым!Есіңде болсын:
Сенің өміріңде ешкімнің дауыс көтеруге, қол көтеруге, қадіріңді таптауға құқығы жоқ.Сен – құндысың.
Сен – нәзік, бірақ мықтысың.
Сен – тыныш, қауіпсіз өмірге лайықсың", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.