Жания Бекмұхамбетова Испанияда алтын медаль жеңіп алды

23 мамыр, 2025 / Super Admin
ҰОК

Қазақстанның үстел теннисі құрамасының жас спортшысы Жания Бекмұхамбетова Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жасөспірімдер арасындағы U13 (13 жасқа дейінгі) санатында топ жарып, алтын медаль иеленді.

Жарыс барысында Жания Италия, Испания, Венгрия, Германия және Швейцария елдерінің қарсыластарын сенімді түрде 3:0 есебімен жеңіп шықты.

Айта кетейік, Жания бұған дейін ол Болгарияда өткен жарыста да чемпион атанған болатын.

Тэгтер:

Жания Бекмұхамбетова Испания Пладжа-де-Аро алтын медаль