фото: ашық дереккөзден. Суретте: Жұлдызай Дүйсенбиева мен Нұржан Төлендиев
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің әріптесі, әзілкеш Нұржан Төлендиев туралы пікір білдірді.
Жұлдызай Дүйсенбиева "Әңгіме бар" бағдарламасына берген сұқбатында актер, әзілкеш Нұржан Төлендиевпен екеуін не байланыстыратынын айтты.
"Бізді махаббат байланыстырады. Себебі арамызда балалар бар. Не ойлап отырсыз мысалы сіз? Қазір көрермендер жаман нәрсе ойлап отырған шығар. Бәрі бізді жұп деп есептейді. Махаббаттың әр түрі. Бұл біздің ортақ театрға, ортақ сахнаға деген махаббатымыз. Нұржан сахнаны қатты жақсы көретін актер. Ол әлі күнге дейін киноға түспей, сахнадан кете алмай жүр. Қаншама адам миллиондап ақша берсе де, оның сахнаға деген махаббаты күшті. Жалпы өнерге, сахнаға деген махаббат екеумізді қатты байланыстырады. Біз қаншама мәрте ұрсып, бір-біріміздің бетімізді көрмей кетуге дейін барсақ та, бірақ сахнаға шыққанда бәрін ұмытып кетеміз. Бұл деген сахнаға, театрға, көрерменге деген махаббат", – деді Жұлдызай Дүйсенбиева.