"Сүйінші! Бұл сәтті ұзақ күттім": Төреғалидың қарындасы бүкіл ел күткен қуанышын жеткізді (ВИДЕО)

"Сүйінші! Бұл сәтті ұзақ күттім": Төреғалидың қарындасы бүкіл ел күткен қуанышын жеткізді (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Фариза Төреәлі мен жолдасы

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығын бөлісті.

Өнер иесінің қарындасы Фариза Төреәлі Instagram желісіндегі ресми парақшасында өзінің арманы орындалғанын айтып, жұртшылықтан сүйінші сұрады.

"Сүйінші! Аяулы арманымның бірі орындалды! Авторлық кітабым жарық көреді! Иә, сіз дұрыс бағамдадыңыз! Мен бұл күнді, осы сәтті ұзақ күттім! Бұл жай ғана кітап емес, менің жанымның айнасы, ішкі үнім, осыған дейінгі айтылмаған сыр, жеткізе алмаған ойларымның жиынтығы. Жақын күндері сатылымға шығады! Бірге сырласайық", – деді Фариза Төреәлі.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, жүздеген пікір мен құттықтау лебіздерін қалдырды. Оқырмандардың айтуынша, Фаризаның жазбалары оларға шабыт береді әрі жан жарасын емдейтін сөздерге толы.

"Құтты болсын, керемет бастама!", "Бұл кітап басқа тілдерге де аударылатынына сенемін. Әлемнің нәзік жандылары оқуы тиіс!", "Фариза, сіздің сөздеріңіз жүректен шығып, жүрекке жетеді. Бестселлер болатынына сенімдімін!", "Орамал тағуыма сіздің жазбаларыңыз себеп болған. Енді кітабыңызды асыға күтемін", – деді желі қолданушылары.