"Тұрсынбек Қабатовтың кесірінен ажырасып кете жаздадық": ел естімеген әңгіме шықты

"Тұрсынбек Қабатовтың кесірінен ажырасып кете жаздадық": ел естімеген әңгіме шықты

фото: ашық дереккөзден

Тұрсынбек Қабатовқа қатысты пікір айтқан мотиватор қыз әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Әлеуметтік желі қолданушыларын кезекті мәрте күтпеген мәлімдеме таңқалдырды. Instagram желісінде Sam_170984 лақап атымен тіркелген өзін мотиватор ретінде таныстыратын ару танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жеке пікірін білдіріп, бұл жазба желіде кеңінен таралды.

Ол өзінің парақшасында Қабатов жайлы соңғы жаңалықтардан кейін күйеуімен арасы бұзылғанын айтып, елдің жігіттеріне деген көзқарасы күрт өзгергенін жазды:

"Біздің елдің азаматтары, не болып бара жатырсыңдар? Тұрсынбек Қабатовтың кесірінен күйеуіммен екі аптадай дұырс сөйлеспей жүрдім. Қазақстанның бүкіл ер азаматын жек көріп кеттім. Психологиялық соққы алдым. Неге дейсіздер ғой? Маған Тұрсынбек Қабатовтың отбасы, әзілдері маған қатты ұнайтын. Бірақ соңғы жаңалықтарды естіп, бүкіл өмірі теріс айналып түсті. 

Жазба астында мыңдаған пікірлер қалдырылып, қолданушылардың пікірі қақ жарылды. Бірі бұл мәлімдемені шынайы эмоционалды реакция деп қабылдаса, енді бірі хайп немесе артық драматизация деп есептеген:

"Күлейін бе, жылайын ба? Әңгімесі мағынасы жоқ", "Далбасамашы, өз өміріңді сүр, не бар біреуді аңдып", "Күйеуіңнің не кінәсі бар? Қызық екенсіңдер", "Не бұл әңгіме".