5 тамызда Португалияның әйгілі футболшысы, "Порту" клубының спорт директоры Жорже Кошта өмірден өтті. 53 жастағы ардагер футболшының өліміне жүрек талмасы себеп болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
A Bola басылымының мәліметінше, қайғылы жағдай "Порту" клубының жаттығу базасында орын алған. Жорже Кошта БАҚ өкілдерімен кездесуден кейін өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Ол қатты ыстыққа шағым айтып үлгерген. Дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
Жорже Кошта – "Порту" клубының түлегі. Ол 1992 жылдан 2005 жылға дейін негізгі құрамда ойнап, португалия футболы тарихында өзіндік із қалдырған.
Осы уақыт ішінде ол 8 рет Португалия чемпионы атанған, сондай-ақ УЕФА кубогының жеңімпазы (2003), Чемпиондар лигасының иегері (2004) болған.