Бердібек Соқпақбаев – спорт тақырыбында қалам тербеген алғашқы қазақ жазушыларының бірі
Қазақ әдебиетінде Бердібек Соқпақбаев есімі көбінесе балалар жазушысы ретінде танымал. Алайда ол – спорт тақырыбында қалам тартқан алғашқы жазушылардың бірі. Оның «Жекпе-жек» атты повесі – жас оқырманды еңбекқорлық пен табандылыққа тәрбиелейтін шығарма.
Бұл повесте қарапайым ауыл баласы Мұраттың спорттағы жеңіс жолы суреттеледі. Әлжуаз әрі жуас бала жаттығу арқылы күш жинап, өз-өзін шыңдай отырып чемпион атанады. Автор осы арқылы кез келген жетістікке жетудің басты жолы — қажырлы еңбек пен төзімділік екенін көрсетеді. Мұраттың жеңіске жету жолы балалар үшін үлкен үлгі бола алады.
Құрметті оқырман, Бердібек Соқпақбаевтың "Жекпе-жек" повесін осы сілтемеге кіріп оқи аласыздар. Немесе шығарманың талдауын төмендегі видеолардан көрулеріңізге болады.