Өзбекстан қазағы Азия бокс ұйымының басшылық қызметіне сайланды

2 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Сәкен Полатов

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан U19 және U22 жастар арасындағы Азия чемпионаты аясында World Boxing ұйымының бастамасымен Азия бокс федерациясының кезектен тыс Конгрессі өтті. Маңызды жиын барысында этникалық қазақ, Өзбекстан азаматы Сәкен Полатов Азия бокс ұйымының вице-президенті болып сайланды, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полатовтың жаңа қызметке тағайындалатыны туралы ақпаратты бұған дейін Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев хабарлаған болатын.

Сәкен Полатов – 1975 жылы Ташкент облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2019 жылдан бері Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары және бокс федерациясы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарып келеді.

Ол өзбек боксын әлемдік деңгейге көтеруге елеулі үлес қосты. Сондай-ақ спорт менеджментінде де тәжірибесі мол. Оның жетекшілігімен "Локомотив" футбол клубы үш рет ел чемпионы атанып, үш мәрте Өзбекстан кубогын жеңіп алған.

Тэгтер:

Бокс Өзбекстан Сәкен Полатов Азия бокс ұйымы