фото: ашық дереккөзден. Суретте: Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанов
Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, көпшілікті алаңдатып қойды.
Әйгерім Қалаубаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында Нұрлан Әлімжановпен бірге түскен видеосын жариялады.
"Өмір емес, өнер жолында танысқан,
Жұптармыз тек тойларда табысқан" – деп жазды Әйгерім Қалаубаева.
Желі қолданушылары бұл видеоны романтикалық көңіл-күймен қабылдап, қос өнерпаздың жарасымын ерекше атап өтті.
"Сұлулықтың символығой екеуі", "Өмірде де жұп болыңдар", "Ғашық көзбен қарап тұр ғой", "Жүзікке көз қойғандай жарасымды жұп", – деді желі қолданушылары.
Көпшілігі бұл бейне тек шығармашылық байланыс па, әлде шынайы сезімнің белгісі ме деп топшылап, қызығушылық танытып жатыр.