"Махаббатымызды бәрі білетін": Тоқтар Серіков бұрынғы сүйіктісі шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)

"Махаббатымызды бәрі білетін": Тоқтар Серіков бұрынғы сүйіктісі шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)

фото: Azattyq Rýhy коллажы

Танымал әнші Тоқтар Серіковтің жастық шағындағы алғашқы махаббаты жайлы қызықты жайттар белгілі болды. Бұл туралы "Бенефис шоу" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарлама қонақтары қатарында болған Тоқтар Серіков пен жары Бейбіт Сейдуалиеваға тосынсый ретінде әншінің мектептегі сыныптасы Айгүл Көбекова шақырылды. Ол өнер иесінің өзіне арнап жазған хаттарын жария етіп, көрермендерге әсерлі сәт сыйлады.

Айгүл Көбекованың айтуынша, олар 1990 жылы Алматыдағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернатта бірге оқыған. Тоқтар "Б" сыныбында, Айгүл "А" сыныбында білім алған. Интернатта бірге тұрып, республикалық олимпиадаларға бірге қатысқан олар арасында достықтан махаббатқа ұласқан байланыс болғанын айтты.

"Біздің арамыздағы сезімді бүкіл мектеп, ұстаздар білетін. Сыныптастарымыз Тоқтардың айтқан әндері мен жазған хаттарын маған арнаған деп ойлайтын", – деді ол.

Бағдарлама барысында Айгүл Тоқтардың өзіне жазған өлең жолдарын оқып берді. Бұл сәтте әнші ұялып, жымиып жұбайына қарап: "Бізді ажырастыру үшін шақырдыңдар ма?" деп әзілмен жауап қатты.

Тоқтар Серіков та бұл оқиғаны жасырмай, жастық шағын еске алды.

"Айгүл Көбекова – Қызылорданың қызы, кезінде айтысқа қатысқан. Арамызда қатты жақын қарым-қатынас бола қойған жоқ. Хат жазғаным рас. Мінезі тік болған соң, көп ұзамай жолымыз екіге айырылды. Кейін тұрмысқа шықты", – деді ол.