"Тоқтат деп айтатын ешкім жоқ па?": Қайрат Нұртастың қызы жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

"Тоқтат деп айтатын ешкім жоқ па?": Қайрат Нұртастың қызы жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алаудың әлеуметтік желіде жарияланған биі қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі кішкентай қыздың биіне тәнті болып, қолдау білдірсе, енді бірі оның әрекетін орынсыз деп бағалап, сынның астына алды.

Пікірлер арасында: "Көз тимесін, өте сүйкімді! Биі керемет!", "Тым жақсы билейді, сүйкімді қыз!" деген жылы лебіздер жиі кездессе, кейбір желі қолданушылары: "Не киіп алған?", "Ұяты барлар шығып кетейік", "Нағыз білім алып, өзін дамыту керек уақытта селкілдеп жүр" деп, жағымсыз көзқарасын білдірді.