«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 12 маусым күні еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейіп, аптап ыстық болады. Сонымен қатар жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Найзағай мен бұршақ күтілетін өңірлер:
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Астана қаласы мен Атырау облысы – күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады.
Қызылорда облысында – шаңды дауыл болады.
Маңғыстауда – түнде тұман түседі.
Аптап ыстық күтілетін аймақтар:
Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Қонаев қаласы (Алматы обл.) – күндіз +35...+38°С дейін ысиды.
Жел екпіні 15-25 м/с дейін жететін өңірлер:
Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы.
Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталған өңірлер:
Абай, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ұлытау, Павлодар, Маңғыстау, ШҚО, СҚО және Қызылорда облыстары.