фото: UGC. Суретте: Баян Алагөзова мен Меруерт Түсіпбаева
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян Алагөзованың "Қозы Көрпеш–Баян Сұлу" телехикаясына қатысты сыни пікірін жалғастырып айтуда. Бұл туралы Kznews.kz хабарлады.
Өнер иесі жобаның кастингі жабық түрде өткенін сынап, басты рөлге әкімнің қызының бекітілуіне наразы екенін білдірді.
"Бұл сериал ұлттық арнадан көрсетілді. Яғни, халықтың салығынан түскен қаржыға түсірілген жоба. Бірақ басты рөлді сол кездегі облыс әкімінің қызы ойнады. Мұндай күмәнді кастинг қалай өтті?" – деп ашуын жеткізді Түсіпбаева.
Әншінің айтуынша, сынынан кейін Баян Алагөзова мен оның командасы тарапынан жеке басына бағытталған шабуылдар басталған.
"Мен тек өз пікірімді білдірдім. Бірақ артынша Баян, Бағым және өзгелер жабылып, мені балағаттады. "Сен ешкім емессің", "нөлсің", "дарынсызсың" деген сөздер айтты. Біз Баянмен бірге оқығанбыз. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жүрдім, ол жаңа ғана түскен еді. Мен кез келген адамды өзімнің білімімен, құжаттарыммен жеңе аламын", – деп қынжылды әнші.