"Опық жеп келе жатырмыз": Әбдіжаппар Жұбаныш Жексенұлының қазіргі жағдайын көрсетті

"Опық жеп келе жатырмыз": Әбдіжаппар Жұбаныш Жексенұлының қазіргі жағдайын көрсетті

фото: Ulysmedia.kz. Суретте: Жұбаныш Жексенұлы

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында Жұбаныш Жексенұлымен бірге түсірген видеосын жариялады.

Әбдіжаппар Әлқожа TikTok желісіндегі ресми парақшасында Жұбаныш Жексенұлымен көлікте түсірген видеосын көрсетті.

"Алматыға аман-есен жеттік. Жұбаныш ағам бар, екеуміз бірге ұшақтан түстік. Біреуден опық жегендер боп келе жатырмыз", – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікір жазып, Жұбаныш Жексенұлының өнерін, адамгершілігін жоғары бағалап, қолдау білдірді. Арасында сын айтып, бұрынғы оқиғаларды еске салғандар да болды.

Көпшілік Жұбаныш Жексенұлын «нағыз өнер адамы», «қарапайым әрі сабырлы азамат» деп сипаттаса, кейбір қолданушылар әншілердің ел алдында сабыр сақтауы қажет екенін де ескертті.