Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні әлеуметтік желідегі парақшасында ауырып жүргенін айтып, оқырмандарын алаңдатып қойды.
Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Instagram желісіндегі ресми парақшасында Stories жариялады.
"Далада жаңбыр жауса, ауланың иісіне тоймаймын", – деп жазды ол.
Осыдан кейін оқырмандары оған "сіз анемиясыз" (қан жетіспеушілігі) деп айтып, өз ақыл-кеңестерін айтты.
"Ет-тамақ жиі іш. Иммунитетің түсіп кетпесін", "Анар шырынын көп іш", "Дәрі іш", – деп қолдау көрсетіп жатыр желі оқырмандары.