Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының денсаулығына қатысты тың дерек шықты

28 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
t.me/halyqstan

Жол апатына түскен танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының жағдайы туралы Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы ақпарат берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

"Рахмоновтар травматология бөліміне жатқызылды. Алдын ала қойылған диагноз – жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 27 шілде күні таңғы сағат 08:50-де республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі, Қарағанды облысынан Алматы бағытына бет алған, рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов аурухана көлік апаты