Бокстан Қазақстан құрамасының белді мүшесі Алуа Балқыбекова марқұм анасының соңғы күндері туралы айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Алуа Балқыбекова Sport+ Qazaqstan арнасына берген сұқбатында анасының дерті туралы баяндап берді.
"Анам зейнетке шыққаннан кейін мансабында құлдырау болып, бұл дүние оның денсаулығына үлкен соққы болып тиді. Зейнетке шыққаннан кейін бір жыл жұмыс істеді, бірақ кейіннен "қажет емес, өз-өзіңізге келіп алыңыз" деп өзіміз жұмыстан шығарып алдық. Бірақ еш ем қонбады. Анамыздың еміне біраз қарыз алдық, несиеге кірдік, барынша тырыстық. Анамызды аяққа тік тұрғызу үшін бар күш-жігерімізді салдық, алайда еш ем қонбады", – деді Алуа Балқыбекова.
Еске сала кетейік, Алуа Балқыбекова жақында Астанада өткен World Boxing ұйымының әлем кубогында күміс медаль еншілеген болатын.