Бокстан Қазақстанның жастар құрамасын дайындап жүрген бапкер Бақыт Сәрсекбаев жарыс алдында үлкен дайындыққа кірісіп кетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Бақыт Сәрсекбаевтың алдағы жастар арасындағы Азия чемпионатына шәкірттеріне 40 кг қазы алып жатқаны туралы ақпарат тарады.
"Кеше бізге оптовкаға Бақыт аға келі,п 40 кг қазы алды. 10 баласы Тайландқа жарысқа бара жатыр екен, әрқайсысына 2 кг-нан қазы алды. Үйге барып пісіріп, фольгаға орап апарам деді. Ол жақта бақа, шаян, шөп-шалам көп, балдарым әлсіреп қалмасын деп осы қазыларды алды", – делінген "Қандас Спортшылар" парақшасында.
Айта кетейік, 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Тайландтың Бангокте World Boxing ұйымының мұрындық болуымен 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігі өтеді.