фото: instagram/maddisoooon. Суретте: Нұржан Иманалиев пен Айнұр Тұрсынбаева
Мадина Абитова есімді Instagram қолданушысы өз парақшасында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен күйеуі Нұржан Иманалиевпен бірге түскен суретін жариялады.
"Сөздерімен ойыма ой қосатын, жүректерінен иман төгіліп тұратын, шын ниетімен бағыт көрсететін Нұржан аға мен Айнұр әпкеге алғысым шексіз. Қонақжайлықтарыңыз бен шынайы ықыластарыңыз үшін рахмет. Алла әрқашан шаңырақтарыңызға береке берсін. Бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер. Қазақтың қадірлі тұлғалары болып, аман-есен жүре беріңіздер!", – деп жазды Мадина Абитова.