"Көп нәрсені тәрк еттік": Елдос Сметов жанкүйерлеріне маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін, 18:02 / Ахмет Қанатұлы
Jack Guez/AFP via Getty Images. Суретте: Елдос Сметов

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзінің осыдан бір жыл бұрын жетістігін қайта еске алып, алдағы мақсатын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура 1 жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны ардайым биік болып қала береді. Қаншама маңдай тер мен еңбектің ақталған күні. Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекплге бардық. Дәл осындай қуанышты, дәл осылай арманды барлық спортшы бағындыруына тілектеспін!

Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым. Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді. Иншалла, келесі төрт жылдықтың басты додасында осы эмоцияны сыйлау үшін бар күшімді саламын", – деп жазды Елдос Сметов.

Тэгтер:

Олимпиада Елдос Сметов алтын Париж Олимпиадасы