Әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова TikTok желісіндегі ресми парақшасында анасы туралы видео жариялады, деп хабардайды Sportinside.kz.
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова әлеуметтік желіде анасына байланысты әзіл видео түсіріп, жанкүйерлерін күлкіге қарық қылды. Видеода анасына 200 мың теңгеге көйлек әппергенде, анасы "рақмет" деп айтатынын көрсетеді. Кейіннен Жәмила Бақбергенованың сыңары Мадина 35 мың теңгеге көйлек алғанын айтқан кезде, анасы: "Есің дұрыс па сен қыздың? Неғып қымбат аласың?" – деп ұрсатынын айтады.
Бұл видеоға өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп жатқан жандар да жеткілікті.
"Алып анадан туады", "Алтын қыз", "Осындай батыр қыздарды қазақ еліне бергеніне алғыс", "Анаңыз әдемі екен", "Анаңыз аман болсын", – деп жазды желі қолданушылары.