Алмас Өтешов су жаңа Toyota Camry 80 көлігін тізгіндеді (ВИДЕО)

Бүгін, 11:29 / Ахмет Қанатұлы
instagram/almas_uteshov. Суретте: Алмас Өтешов

Танымал ауыр атлет, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов жаңа темір тұлпар иесі атанды, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қуанышты жаңалығын спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Toyota Camry 80 моделі. Баршаңызға жұғысты болсын!" – деді Өтешов бейнежазбада.

Айта кетейік, аталмыш автокөліктің нарықтағы бағасы шамамен 19 миллион теңгеден басталады.

Еске сала кетейік, Алмас Өтешов үлкен спорттан кеткеннен кейін біраз уақыт көпшілік назарынан тыс қалған еді. Өткен жылы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай экс-спортшының қиын жағдайын көрсетіп, оның ішкілікке салынып, отбасынан ажырап, жұмыссыз қалғанын ашық айтқан сұхбатын жариялады.

Осыдан кейін Қызылорда облысының спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев оған қолдау білдіріп, қызметке орналастырған болатын. Алмас болса, жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтына бет бұрғанын айтып, тіпті актерлік қырын да байқап көргенін қуана жеткізді.

Тэгтер:

көлік Алмас Өтешов зілтемірші Toyota Camry 80