Қуан, қазақ елі: Асу Алмабаев UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

Бүгін, 00:54 / Ахмет Қанатұлы
Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Асу Алмабаев

Қазақ файтері Асу Алмабаев (21-3) Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC on ABC 9 турнирінде Перу спортшысы Хосе Очоамен (8-1) кездесті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Асу Алмабаев үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті. Төрешілер үш раундтың нәтижесінде 30:27, 30:27, 29:28 есебімен жеңісті Асу Алмабаевтың пайдасына шешті.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, төрт мәрте жеңіске жетсе, бір рет жеңіліс тапқан. Соңғы рет Асу Алмабаев наурыз айында октагонға шықты – ол үшінші раундта Ангола спортшысы Манел Капеден (21-7) нокаутпен жеңілді.

Тэгтер:

Асу Алмабаев