Астаналық Меруерт Халелова республикалық Qarqaraly Buguly Trail марафонында бір жасар ұлымен бірге 12 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жарыс бағыты биік-аласа жер бедері мен тасты соқпақтардан құралған. Меруерттің кішкентай ұлы – Алижан марафон бойы анасымен бірге арнайы арқаға асатын бесікте болған. Қиын әрі қауіпті рельефке қарамастан, жас ана өзінің төзімділігін танытты. Өйткені баламен бірге жарысқа қатысу – физикалық күшпен қатар, аса жоғары ішкі дайындықты қажет етеді.
Бұл ерекше қатысу трейл-жүгіру бойынша бейресми рекорд ретінде Guinness World Records, ITRA және Қазақстандағы спорт ұйымдарының қарауына жіберілуі мүмкін.