"Екінші рет тұрмысқа асығыс шықтым": Мөлдір Әуелбекова қыздарға кеңес берді

"Екінші рет тұрмысқа асығыс шықтым": Мөлдір Әуелбекова қыздарға кеңес берді

фото: instagram.com/moldir.auyelbekova. Суретте: Мөлдір Әуелбекова

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында өз өмірінен мысал келтіре отырып, бойжеткендерге маңызды кеңес айтты.

Ол қыз-келіншектерге «жігіттің намазда екеніне қарап асығыс шешім қабылдамауға» шақырды.

"Қыздар: "Жігіт намазда екен, қиянат жасамайды" деген сеніммен тұрмысқа шықпаңыздар. Мен екінші рет тұрмысқа солай асығыс шықтым. Бірақ некеден кейін ғана, мен "намаз" көрсеткіш емес екенін түсіндім. Оған дейін "намаздағы ер Алланың аманатына қиянат жасауы мүмкін емес" деп ойладым. Бірақ, өкінішке қарай, сол адамнан көп зардап шектім. Асықпаңыздар! Жар таңдауда қателеспеңіздер!" – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.