26 шілдеден 27 шілдеге қараған түні қазақ файтері Асу Алмабаев (21-3) UFC ұйымындағы алтыншы жекпе-жегін өткізеді. Ол Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC on ABC 9 турнирінде Перу спортшысы Хосе Очоамен (8-1) кездеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Асу Алмабаев – Хосе Очоа арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша шамамен 00:20-да басталады. Аралас жекпе-жек жанкүйерлері бұл кездесуді UFC-дің ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Қазіргі уақытта Асу Алмабаев UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, төрт мәрте жеңіске жетсе, бір рет жеңіліс тапқан. Ал Хосе Очоа UFC-де бір жеңісі және бір жеңілісі бар.
Соңғы рет Асу Алмабаев наурыз айында октагонға шықты – ол үшінші раундта Ангола спортшысы Манел Капеден (21-7) нокаутпен жеңілді. Ал Очоа маусым айында жекпе-жек өткізіп, АҚШ спортшысы Коди Дёрденді (17-8-1) екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.