фото: instagram/tursynbek_kabatov_resmi. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова
Белгілі продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасына әсерлі видео жариялады.
Ұшаққа мінген сәтін, жүректегі толқынысты, көз жасын жасырмай көрсеткен Мөлдір ханым бұл видеомен көптің жүрегін қозғады.
"Ұшақ көкке көтерілген сәтте – жүрегім дүрсілдеп, көзіме жас келді. Бұл – еркіндік. Бұл – өз қорқынышымды жеңіп, биіктерге бет алған сәт. Қыздар, бұл ғажап эмоция. Кім менімен бірге ұшқысы келеді?" – деп жазды ол.
Оқырмандары оны қуана қарсы алып, ыстық лебіздерін жаудырды:
"Мөлдір, бар жақсыға лайық жансыз!", "Күштііі! Әрдайым осылай биіктерден көрініп жүріңіз!", "Бұл сәт – тек биіктік емес, армандардың ұшқан шағы! Мен дайынмын!", "Мөлдір ханым, сіздің жаныңызда әрдайым жақсы адамдар болсын! Сіз соған лайықсыз!", – деді желі қолданушылары.