фото: instagram/meruert_tusupbaeva. Суретте: Меруерт Түсіпбаева
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева «Еуразия» бірінші арнасына қатысты әлеуметтік желіде ашық үндеу жариялады.
Оның айтуынша, телеарна осыдан 17 жыл бұрын түсірілген бейнежазбаны қазіргі жаңалық ретінде ұсынып, халықты адастырған.
"Еуразия бірінші арнасы, 17 жыл уақыт өткен видеоны кеше жаңалық қылып беріпсіздер! Неге көрерменді алдайсыздар? Басқа мәселе жоқ па елде?! Бұл әлде заказ ба?!" – деп жазды әнші өзінің парақшасында.
Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, аталған видео телевизиялық жобаның түсірілімі кезінде әзіл ретінде жазылған. Сол сәтте техникалық ақаулар болып, аппаратура мен микрофондар істен шыққан. Осыны бір топ азаматтар әзіл ретінде бейнежазбаға түсіріп алған екен.