Ресейлік сұлу әнші өзінің бұрынғы күйеуінің қазасына байланысты түрмеге тоғытылуы мүмкін

25 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/annasedokova. Суретте: Анна Седокова

Ресейлік әнші Анна Седокова бұрынғы күйеуі, латвиялық баскетболшы Янис Тимманың өлімінен кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі РИА Новости Спорт агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, марқұм Янис Тимманың отбасы атынан сөз сөйлеген адвокат Маргарита Грачева Седоковаға қатысты екі елде – Ресей мен Латвияда – құқық қорғау органдарына арыз берілгенін айтты.

"Біз Анна Седоковаға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына арыз жаздық. Мұндай өтініштер Латвияда да, Ресейде де берілді", – деді адвокат.

Бұған дейінгі тергеу нәтижелері бойынша Янис Тимма өз-өзіне қол жұмсағаны расталып, басқа нұсқалар расталмаған.

Сәуір айының басында адвокат Екатерина Гордон өз командасының бұл істен бас тартқанын мәлімдеген. Себебі, оның айтуынша, Тимманың туыстарының Ресейде мұрагерлік рәсімдеу перспективасы жоқ, сондай-ақ Седоковамен заңды күресті жалғастырудың да мағынасы қалмаған.

Ал марқұмның әкесі Райтис Тимма Седоковаға қарсы заңды күресті жалғастыратынын айтқан.

Тэгтер:

Анна Седокова Янис Тимма