Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі мен анасының әлеуметтік желідегі видеосы көпшілікті күлкіге қарық қылды.
Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі ресми парақшасында күйеуі Айдарбек Нұртаспен тренд видео түсіріп, көпшілікті таңғалдырды.
"Жүрек 18-де", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова видеоның сипаттамасында.
Желі қолданушыларының басым бөлігі олардың сергектігі мен әзілқойлығына тәнті болып, түрлі жылы пікір қалдырды.
"Керемет көңіл-күй сыйладыңыздар", "Мәә, 100 рет қарап шықтым", "Қандай әдемі қартаю", "Мұндай ата-апа бәріне үлгі болу керек" деген сынды жағымды пікірлер көптеп жазылды.