фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Айдарбек Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова
Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі мен анасының әлеуметтік желідегі видеосы көпшілікті күлкіге қарық қылды.
Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі ресми парақшасында күйеуі Айдарбек Нұртаспен тренд видео түсіріп, көпшілікті таңғалдырды.
"Жүрек 18-де", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова видеоның сипаттамасында.
Желі қолданушыларының басым бөлігі олардың сергектігі мен әзілқойлығына тәнті болып, түрлі жылы пікір қалдырды.
"Керемет көңіл-күй сыйладыңыздар", "Мәә, 100 рет қарап шықтым", "Қандай әдемі қартаю", "Мұндай ата-апа бәріне үлгі болу керек" деген сынды жағымды пікірлер көптеп жазылды.