13 жастағы мектеп оқушылары халықаралық турнирде күтпеген жетістікке жетті

25 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Жания Бекмұхамбетова

Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы үш қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Барлық жүлде U13 жас санатындағы спортшыларға тиесілі болды. Қыздар арасында Жания Бекмұхамбетова жартылай финалда Тайбэйлік Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берсе, Арайлым Сапабек ресейлік Элеонора Ширяеваға қарсы тартысты кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Сол секілді ұлдар арасында Нұрдәулет Азаматұлы да жартылай финалға дейін жетіп, Ресей спортшысы Матвей Мананковқа 2:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, бұл турнирде жүлделер бес түрлі жас санатында сарапқа салынады. Жарыстың өту барысын WTT ресми сайтынан бақылауға болады.

Тэгтер:

Жания Бекмұхамбетова Теннис үстел теннисі WTT Youth Contender