"Әйел үшін маңызды": Дана Нұржігіт 50 жасқа келіп, бокспен шұғылданып жатыр (ВИДЕО)

25 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
sportinside.kz коллажы. Суретте: Дана Нұржігіт

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында бокспен шұғылдануды бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Динара Ақылжанова есімді фитнес жаттықтырушы Instagram желісіндегі ресми парақшасында Дана Нұржігіттің бокстың әдіс-тәсілдерін үйреніп жатқан видеосын жариялады.

"Дананың өмірі – нәзік жанның мықты бола білуінің нақты мысалы. Журналистикада, саясатта да, ана ретінде де өзіндік ұстанымы бар кемел адам. Жақынырақ араласа келе мен оның бойындағы әйелге тән нәзіктік пен ер азаматқа бергісіз батылдық пен тәуекелшілдігіне қайран қалдым. Сталкинг, ауыр сот процестері оның жаны мен тәніне ауыр соққы болған. Одан шығудың өзі уақыт пен саналы түрде жасалатын жұмысты қажет етеді. Психо-физикалық бағдарлама керек деп шешіп, Дана кезең кезеңімен соны орындап келе жатыр екен. Алдымен психотерапия, психосоматика, келесі қадам-физикалық жаттығулар.

Бокс жаттығулары адамның психологиялық жағдайын жақсартады. Бұл рингте адам өзімен өзі жекпе-жекке шығады. Жанын жеген, тұншығып жатқан күйзеліс пен күдік, өкпе пен ашу, өкініш пен күйінішін осылайша жеңіп жаны жеңілдеп қалады. Ал денеге адреналин барып, дофомин-бақыт гормоны өмірге деген құлшынысын оятады. Буындар қатайып, майды бұлшық ет алмастыру процесі жүреді. Бұл әсіресе, 40+ жастағы әйел үшін маңызды. Менің боксты ұсынғанымды Дананың бірден құптағаны таңғалдырды. Сырт көзге қатал көрінген аға буын әріптесім, өмірде өте ашық, мінезі жеңіл, әңгімешіл, бастамамды тез-ақ іліп әкететін белсенді адам екен!" – деп жазды Динара Ақылжанова.

Тэгтер:

Бокс Дана Нұржігіт Динара Ақылжанова