"Күйеуім қайта оралады деп ойладым": танымал психолог жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

25 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден. Суретте: Мақпал Қаратай мен бұрынғы жолдасы

Бұрынғы тележүргізуші, қазір психолог атанған Мақпал Қаратай алғашқы күйеуі туралы айтып берді.

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында айтты.

"Қайта оралады деп ойладым. Хат жаздым оған. Бес жыл күтемін деп айттым. Биыл бес жыл болды. "Сен бес жыл қыдырып кел, жүріп кел, жас шағыңда үйлендің, сенің бәлкім желігің басылмады. Бірақ үйленбе. Мен сенің отбасың ретінде бес жыл күтемін", – деп  хат жазып жібергем. Сол кезде ол "күтпей-ақ қой" деді. Тіпті осы жағдайдан кейін алғаш рет басқа жігітпен кездесуге бардым. Ол Түркияда тұратын түрік азаматы еді. Бірақ сол кезде бұрынғы күйеуім келіп "сен маған измена жасап жатырсың" деп айтатындай көрінді", – дейді Мақпал Қаратай.

Тэгтер:

үнсайд Мақпал Қаратай