"Ол әрі қарай көтере алмай қалды": Бағым Мұхитденова көз жасын тия алмай, жылап қалды (ВИДЕО)

"Ол әрі қарай көтере алмай қалды": Бағым Мұхитденова көз жасын тия алмай, жылап қалды (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Бағым Мұхитденова мен жолдасы

Танымал музыкалық продюсер әрі әнші Бағым Мұхитденова өмірден озған жары туралы естеліктерін бөлісті.

Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты ашық айтып, жолдасы, белгілі арт-директор Әділжан Юсуповтің ауыр дертпен қалай арпалысқаны жайлы баяндады.

Бағым Мұхитденованың айтуынша, жұбайының өкпесі қабынып кеткен, алайда ол дәрігерге қаралуға қарсы болған.

"Мен үнемі тексерілуге барайық деп айтатынмын. Күйеуім болса, "Жаңа жылдан кейін барамын" деп көнбеді. Ал 2 қаңтар күні оны жедел жәрдем алып кетті. Ертесіне маған оның жағдайының ауыр екенін жеткізді. ИВЛ аппаратына қосатынын айтты. Сол сәттен бастап біз ұзақ күреске кірістік", – деді продюсер.

Оның айтуынша, бұл күресте оларға жездесі Тұрсын Алагөзов қолдау білдірген. Әділжан Юсупов 33 күн бойы жасанды тыныс алу аппаратында жатқан. Дәрігерлер өкпе ауыстыру қажет болуы мүмкін деген болжам жасағанымен, оның денсаулығы одан әрі нашарлаған.

"Медицина бізде өте қымбат. Мен көп ақша таппаймын. Күйеуімнің әр күні үлкен шығынға түсті. Бірақ қолымыздан келгенін жасадық. Соңында жеңілдік. Ол небәрі төрт күнде ауырып, ауруханаға түсіп, 33 күннен соң көз жұмды. Не болғанын түсінбей де қалдық", – деп көзіне жас алды Бағым Мұхитденова.