фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Айгүл Иманбаева мен жолдасы
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева АҚШ-тағы күнделікті тұрмыс-тіршілігін көрсетіп, Instagram парақшасына жаңа бейнежазба жариялады.
Онда өнер иесінің Лос-Анджелесте серуендеп жүрген сәттері бейнеленген.
Жарияланған видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Олардың арасында жылы лебіз білдіріп, бақыт тілегендер де, сын айтқандар да бар.
"Бақытты болыңыздар! Қосағыңызбен қоса ағарыңыздар", "Айгүл өте ақылды, көрікті әрі салмақты әйел", "Махаббаттарыңыз мәңгі болсын!" – деп жазды кейбір қолданушылар.
Дегенмен жағымсыз пікір қалдырғандар да аз болмады.
Олардың арасында "Тәлпіш боп кеткен", "Көз өтеді, бәрін жариялай бермеңіз", "Бұл әрекеттерің кей адамға мазақ сияқты көрінуі мүмкін" — дегендер болды.