фото: instagram/moldir.mt. Суретте: Мөлдір Мұқанова
Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында үйіне жеткізілген сансыз көп гүл шоқтарының видеосын жариялады.
Бейнежазбада Мұқанованың үйіне гүлдер легі үздіксіз жеткізіліп жатқаны көрінеді. Ол жазбасында оқырмандарына: "Кімнен?" деп интрига тудырған сауал қойды.
Бейне астына желі қолданушылары түрліше пікір қалдырып, Мөлдірдің нәзіктігіне, сұлулығына, жан-жақтылығына тамсанды. Кейбірі гүлдерді "Тұрсынбектен шығар" деп болжады. Тағы бірі: "Сіз гүлге лайық жансыз" деп жылы лебізін білдірді.