45 жастағы теннисші ұзақ үзілістен кейін спортқа қайта оралып, жастарды жапырып жүр

45 жастағы теннисші ұзақ үзілістен кейін спортқа қайта оралып, жастарды жапырып жүр

фото: Scott Taetsch/Getty Images. Суретте: Винус Уильямс

Америкалық теннисші Винус Уильямс WTA 500 санатындағы Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан хард турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Турнирге ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен (wild card) қатысып жатқан 45 жастағы Винус Уильямс WTA турына шамамен 16 ай үзілістен кейін қайта оралды. Турнир алдында оның әлемдік рейтингте аты болмаған.

Бірінші айналымда Уильямс өз отандасы, әлемнің 35-ракеткасы Пейтон Стирнспен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды. Винус бұл матчта 9 эйс жасап, 4 қосар қателік жіберіп, 14 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды.

Осылайша, Уильямс WTA турындағы матчта жеңіске жеткен ең жасы үлкен теннисші атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 2004 жылы 47 жасында америкалық теннисші Мартина Навратилова жеткен болатын.

Келесі кезеңде Уильямстың қарсыласы – турнирдің бесінші нөмірлі қатысушысы, польшалық Магдалена Фрех болмақ.

Сонымен қатар, Винус Уильямс жұптық сында да өнер көрсетіп жатыр. Ол Хэйли Баптистпен бірге канадалық Эжени Бушар мен америкалық Клерви Нгунуды 6:3, 6:1 есебімен жеңіп, екінші кезеңге өтті.