"Махаббат па?": Тұрсынбектің әйелі мен Қайрат Нұртас не бүлдірмекші? (ВИДЕО)

23 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram/moldir.mt. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Қайрат Нұртас

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова эстрада жұлдызы Қайрат Нұртаспен бірігіп, дуэт жазуға дайындалып жатқанын жария етті.

Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын… Иә, сенбей тұрмын. Өмірде түрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер… Енді өнеріммен бөлісетін уақыт келді. Қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды. Қай жанрда болуын қалайсыздар? Махаббат туралы ма, әлде өмір жайлы ма? Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді деп сенемін. Күтесіздер ме?" – деп жазды Мұқанова.

Бұл жаңалыққа желі қолданушылары ерекше қуанып, жылы пікірлерін жарыса жазды. Көпшілік қос өнер иесінің дауыстары үндесіп, болашақ туынды нағыз хит боларына сенімді. Желіде:

"Қайраттың ауызынан шыққан ән – міндетті түрде хит", "Мөлдір – қыздар арасындағы үздік", "Дуэттеріңіз ерекше болайын деп тұр", "Бір Алла қолдасын, бұл ән халыққа жететініне сенеміз" деген сынды пікірлер көптеп жазылуда.

Тэгтер:

Қайрат Нұртас Мөлдір Мұқанова