фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Нұртас, қыздары Сезім
Танымал әнші Қайрат Нұртас қызы Сезімді туған күнімен құттықтауға келген сәті әлеуметтік желі қолданушыларының назарын өзіне аудартты.
Алайда бұл қуанышты сәт ел арасында түрлі пікір туғызды. Әкесі қызының бетінен сүйіп, туған күнімен шын жүректен құттықтағанымен, Сезімнің оған салқын көзқараспен қарауы желі қолданушыларын ойландырып қойды. Бұл сәт бейнежазбаға түсіп, желіде кеңінен таралып кетті.
Пікір білдірушілердің арасында қызына түсіністікпен қарағандар да, керісінше әкесіне дұрыс қарамағаны үшін Сезімді сынға алғандар да болды:
"Құтты болсын!", "Әкесінің арқасында шалқып жүр ғой, Қайрат – мықты жігіт", "Сезім өте сабырлы, керемет қыз", "Балапан ренжіп тұрған сияқты", – деген пікірлер жазылды.