Чолпон-Ата қаласында өткен "Мейкин Азия" атты IV халықаралық музыка фестивалінің жабылу салтанатында әйгілі қазақстандық әнші әрі композитор Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының халық әртісі атағымен марапатталды.
Құрметті атақ Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен табысталды. Марапатты салтанатты түрде Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов, мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен тапсырды.