Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқанованың жаңа видеосы қызу талқылануда.
Instagram желісіндегі "Жұлдыздар әлемі" парақшасында жұлдызды жұптың бірге түскен видеосы жарияланған. Алайда аталған бейнежазбаның нақты қашан және қай жерде түсірілгені туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ Тұрсынбек пен Мөлдірдің ресми парақшаларында да бұл видео жайлы ешқандай ақпарат жарияланбаған.
Желі қолданушылары видеоны түрліше қабылдауда: бірі ерлі-зайыптыларға тілек айтып, амандық тілесе, енді бірі видеоны бұрынғы жазба деп есептейді. Сонымен қатар кейбір пікір білдірушілер бұл әрекетті "көпшіліктің назарын өздеріне аудару тәсілі" деп бағалап, сынға алды.