фото: видеодан скриншот. Суретте: Мейірман Шекеев
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі ресми парақшасында ерекше видео жариялады.
Мейірман Шекеевтің туған күніне орай Оңтүстік Корея елінен Дана есімді қарындасының ұлы заңгерге MacBook сыйлап, жеткізу қызметі арқылы салып жіберген. Адвокат Мейірман Шекеев өз кезегінде бұл сыйлыққа ерекше қуанғанын және өзін құрметтеп, құттықтап жатқан жандарға алғысын білдірді.
"Құттықтап жатқан барлық жандарға үлкен алғыс! Көңіл бөліп, жылы сөздер айтып, шын жүректен тілектер жолдап жатқандарыңыз – жүрегіме қуаныш сыйлауда. Сіздердің әрбір хабарламаңыз, қоңырауыңыз бен тілегіңіз мен үшін өте қымбат. Бүгін өзімді ерекше сезініп жатырмын – бұл сіздердің арқаларыңыз! Осындай мейірімді, шынайы жандармен қоршалғаныма шүкір. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін!" – деп жазды Мейірман Шекеев.