"Бывший енесін ерекше күтіп алды": желіде Тұрсынбектің әйелінің видеосы тарады

"Бывший енесін ерекше күтіп алды": желіде Тұрсынбектің әйелінің видеосы тарады

фото: instagram/moldir.mt. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен енесі

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованың енесін туған күнімен ерекше түрде құттықтаған видеосы желіде тарады.

Instagram желісіндегі "Жұлдыздар әлемі" парақшасында Мөлдір Мұқанованың енесінің туған күнін қалай атап өткенін айғақтайтын видео жарияланды. Ол жақындарымен бірге ән шырқап, туған күн иесін ерекше ықыласпен қарсы алған. Құттықтау кезінде гүл шоғын тарту етіп, кейін енесімен бірге вальс билеген сәтін де көпшілікпен бөлісті.

Алайда аталмыш парақшада жарияланған, тақырыбы келте әрі шу тудыратындай қойылған видео осыдан 3 жыл бұрын түсірілгенін анықтадық. Бұл видео Мөлдір Мұқанованың Instagram желісіндегі ресми парақшасында тұр.

"Менің енем – ең жақсы адам! Бүгін менің мамамның туған күні. Ол кісіге деген құрметімді, ықыласымды, махаббатымды бәрін бір жазбаға сыйдыра алмаймын. Ене мен келін тақырыбы жыры бітпейтін тақырып қой. Қоғамда бір стеоротип әлі де бар, ене келінге күн бермейтін жаман адам. Ене деген "бүжай. Менің жағдайымда мүлдем басқа, Аллаға шүкір деймін. Ененің қатулы қабағын көрмеген бақытты келінмін.

Анашым қардай аппақ көңілі бар аңқылдаған кісі. Біреуді бір жамандағынын, не болмаса біреуге бір ренжігенін көрмеппін. Сенесіз бе, адам баласына ренжімейді, мүлдем ренжімейді. Өзім де сол қасиетіне таңқалатын едім, бүгінде өзім де сондай болып келемін.

Жалпы, адамның жетісттіке жетуі, бақытты өмір сүруі – ата-ананың разылығында, баласына деген сенімінде және ата-анасының ақ, адал өмір сүруінде деп ойлаймын. Тұрсекенің халықтың ыстық ықыласына бөленіп, біздің балалы-шағалы бақытты шаңырақ болып отырғанымыз осы айналайын ақ мамамыздың, әкеміздің ақ тілеуі, жақсылығы, жақсы адам болуының арқасы.

Мамамыз туралы қашан да тек мақта естимін. Өйткені ол кісі тек мақтауға лайық алтын жан! Менің енемдей ене әр қазақтың қызына бұйырсын! Бар жақсы қасиетін тізіп жаза бергім келіп, бірді айтып, бірге кеттім. Ең басты айтқым келгені менің енем – ең жақсы адам", – деп жазды ол 3 жыл бұрынғы видеосының сипаттамасында.