"Қызымды бермес бұрын күйеу баламмен сөйлестім": Досымжан Таңатаров ашығын айтты (ВИДЕО)

22 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден. Суретте: Досымжан Таңатаров

Эстрада әншісі Досымжан Таңатаров күйеу баласымен қалай танысқаны жөнінде айтты.

Досымжан Таңатаровтың айтуынша, күйеу баласының телефон нөмірін тауып алып, өзі шақырып сөйлескен.

"Маған қызым тұрмысқа шығатынын айтқан кезде мен ең алдымен жігітті тауып алғам. Телефонын тауып, оны шақырып, жігітше отырып сөйлескем. Маған ұқсайды екен. Келген соң күйеу балаға: "Далада жатқан адам жоқ. Сен де ерігіп жүрген жоқсың. Мәселені бірден шешіп алыңдар. Менің қызым сен ойлағандай өте жақсы деп ойлап қалма. Оның өзіне жеткілікті еркелігі бар. Сен білесің бе соның бәрін? Азамат ретінде ие бола аласың ба?" – дегем. Тура осылай бір жарым сағат отырып сөйлестік. Жігіт көңілімнен шықты. Қызыма да соны айттым", – деді Досымжан Таңатаров.

Тэгтер:

үнсайд Досымжан Таңатаров