"Құттықтап қойыңыздар": Қырғызстан экс-президентінің қызы ажырасқанын айтты

22 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден. Суретте: Алия Шагиева мен экс-күйеуі Константин

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы – Алия Шагиева ажырасқаны туралы хабарлады.

Бұл жайлы ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзі жазды.

"Ақыры ажырасу туралы құжаттарды алдым, құттықтап қойсаңыздар болады! Бұл шешімді ұзақа ойлана келе қабылдадым…" – деп жазды Алия.

Алия 2016 жылдың күзінде тұрмысқа шыққан. Константин есімді күйеуімен некеде екі бала тәрбиелеген: ұлы Таир 2017 жылдың наурызында дүниеге келсе, қызы Аюна 2018 жылдың қарашасында өмірге келген.

Тэгтер:

үнсайд Алия Шагиева Қырғызстан